НОКАУТ

lat: NOKAÝT

[ағылі knock-out] з а т. с п о р т. Боксшының алған соққы салдарынан 8 секундтан көп уақытқа есінен танып, бағдарынан айырылып қалған күйі.

Кейде ұрыс тең де болады, дәл соғып көзін ісіремін. Кейде өліктей серейтіп, нокаут түсіремін («Қаз. әдеб.»). Жанын жақса отқа ұстап, Берер бетті «бүтіндеп». Нокаут аз бокста, ұпайменен ұту көп (Ж.Нәжімеденов, Мезгіл.). Мен әлі шыдаймын, деді Джек. Мынау поляксымақтан нокаут алғым келмейді («Лен. жас»). Соған қарамастан, төрешілердің үшеуі де жеңісті 94:93 есебімен америкалық боксшыға берді. Егер жекпе- жек тағы біраз созылған болса, Жировтың өз қарсыласын нокаутқа түсіруге де мүмкіндігі бар еді (“Жас Алаш”)