lat: NOQAT
ө с. <лат. cicer> з а т. 1. Бұршақ тұқымдас мәдени дақыл, бір және көпжылдық шөптесін өсімдік.
Мысалы, биыл мен өз жеріме бидай ғана емес: тары, қонақ, тіпті ноқат пен жүгері еккім келеді (Р.Райымқұлов, Болат.). Адам баласының еңбек қып мәпелеп өсіріп отырған жоңышқасына да, арпа, бидай, тары, ноқат, бұршағына да ауыз салды (Ө.Тұрманжанов, Адам.). Филлодияға мысал ретінде австрия қарағанын және біздің оңтүстік аудандарымызда өсетін ноқатты алуға болады (Т.Мұсақұлов, Ботаника.).
2. а у ы с. Бұршақ сияқты кішкентай түйнек.
Жиырма мылтық, сұр шинель, Алтын ноқат төбесі Бөрік берді көк бұйра (О.Шипин, Дастан.).