НОС БЕРУ//НОС КӨРСЕТУ

lat: NOS BERÝ//NOS KÓRSETÝ

(Қост.: Жанг., Аман.) сөгіс беру, сөгу, күш, айбын көрсету. Сен оған нос бердің бе? (Қост., Аман.). Қалай барсаң, кәрі шеше Жетімдер өлмей ме? Дұшпандары таба қылып, Күн де бір нос бермей ме? (Б. Майл., Шығ., 251). «Енді болмаса өліпсің ғой», - деп Раушанға нос берген (Б. Майл., Шығ., 111).