lat: NOTA
[лат. notatio] з а т. м у з. 1. Музыкалық дыбыстарды жазу үшін пайдаланылатын графикалық белгілер жүйесі.
Жалпы, жеті нотаның алма-кезек, үйлесімді келуінен кестеленетін әуеннің ақыл-санаға етер әсерін адамдар баяғыдан білген (“Зерде”). Әбден айызы қанған сыншылар толғау-термелер мен бір алуан әндерді нотаға түсіріп алды (Б.Әбдіразақов, Серпіліс.).
2. Музыкалық шығарманың мәтіні.
Екеуі еркін алып бір оңаша үй, Марияға үйретеді нотадан күй. Iсі таза, ішінде – шын махаббат, Біріңді-бірің сүйсең, соларша сүй (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Пианино алдына отырып, нота қағазға қарап, әнді орындады (К.Жүнісова, Құстар.). Кеңеске жүйріктерді жиып талмай, Алдыңа ноталарды үйіп таудай, Дыбысты жерден іздеп, көктен іздеп, Шығасың түні бойы ұйықтамай (С.Мәуленов, Алыс кет.).