lat: NOTA
з а т. д и п л. Бір үкіметтің екінші бір үкіметке ресми түрде берген дипломатиялық жолдауы.
СССР Сыртқы істер министрлігі Совет үкіметінің тапсыруы бойынша, Аргентина республикасының Москвадағы елшілігіне нота жолдады («Соц. Қаз.»). Iс насырға шауып, Бельгия шұғыл нота жолдауға шейін жетті (С.Бердіқұлов, Жұмыр жер.). Бұл жөнінде кезінде Совет үкіметінің нотасы жарияланған болатын (Ж.Тілеков, От кешу).