lat: NUR
[ар. نور ] з а т. 1. Сәуле, жарық, шұғыла.
Жүрісі шатаспайды, шаршамайды, Дыбыс жоқ, кідіріс жоқ, не қылмайды із. Күн нұрын, жер жүрісін, көлеңкені Жарық уақыт, қараңғы деп атаймыз (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Талай рет есті жел Тарап ұлдың тұлымын, Талай рет шықты күн Аясына ап нұрының (О.Шипин, Дастан.). Күн нұры бүгін өз шұғыласын далаға аямай-ақ төгіп тұр («Лен. жас»). «Киіз кітапта» жылқыны әнге, күйге, найзағай мен нұрға теңеуге болады екен, бұған ақынның қауырсын қаламы куә, әрі көріп түрған көкіректегі көз қазаққа біткен. Демек, құс бейнесіне өмір сыйып кетеді, қайтқан қаздай өмір озады (“Жас Алаш”). Жұлдызға тән жарық, жарқын түрменен Маздағанмен, жазбағанмен бір де өлең. Осылайша сөйлейді олар ұрпаққа, Сөйлейді олар сұлу қызыл нұрменен (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).
2. а у ы с. Шапағат, шарапат, игі әсер, оң ықпал, игілік.
Сонда бойды жылытып Соңғы ыстық буыңмен, Жамандықты ұмытып, Жақсылықтың нұрымен (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). Жас ұрпақтың тағдыры болса, олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші сіздердің – ұстаздардың қолында (“Егемен Қазақстан”). Шын асықтың әрбірі Өліп топырақ болды да, Жаралыстың тағдыры Жаратты мені орнына. Бәрінің нұры қосылған Мол керемет менде бар (Ш.Құдайбердиев, Шығ).
3. а у ы с. Мейірім, жылылық, ыстық ықылас.
Күнге тартқан баланың Нұр көресің көзінен... Ал мен болсам, Даламның Аумайды екем өзінен! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).
4. Жарқыл, жылтыл, көз тартарлық әдемілік.
Он сегіз, он тоғызда гүл-гүл жайнап, Жібектің қызыл-жасыл нұрындайсың. Мақсатың көңілдегі болып қалса, Біреудің айтқанына бұрылмайсың. Харам менен халалды білмеген күн, Жүніпті ғұсыл қылып жуынғайсың, Алладан қорықпаған тәубәсыз күн, Сол күнде өлсең, тозақта шырылдайсың (Ә.Найманбаев, Шығ.).
5. а у ы с. Көрік, рең, кескін, кейіп.
Дүниенің мағмұрлығы бір түрлі ақылға нұр беріп тұратұғын нәрсеі Жоқшылықтың адамды хайуандандырып жіберaтіні де болады (Абай, Тол. жин.). Адам өзін-өзі артық көрсетпек екі түрлі; әуелгісі – әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинамақтық, бұл адамға нұр болады (Абай, Тол. жин.). Екінші – өзін-өзі өзгешелікпен артық көрсетпек адамдықтың нұрын, гүлін бұзады (Абай, Тол. жин.).
6. а у ы с. Ажар, өң, рең.
Исің гүл аңқыған, Нұрың күн шалқығані Көргенде бой еріп, Сүйегім балқыған (Абай, Тол. жин.). Көңілімнің рақаты сен болған соң, Жасырынба, нұрыңа жан қуансын. Біреуге жаққан біреуге жақпаушы еді, Сүйкімді тірі жанға не еткен жансың?! (Абай, Тол. жин.). Бұл жерде ешкім сырымды Білмейді, айтып не етейін? Жақтырмай бұзсаң нұрымды Білдірмей күйіп өтейін (Абай, Тол. жин.). // Нұрлы, жарық, жарқыраған. Әуезов өз ұлтының рухани қайта өрлеу дәуірінде туып, өмір сүріп, із ұлтының рухани құдіретінін нұр шұғыласын күллі әлемге түсірген алапат алаудай болды (“Жас Алаш”).