lat: NUR /120/
зат. 1. Күннің сәулесі, шұғыласы.
Бұл аймақтан күн нұрын аямайды,
Сағым болып желпиді, аялайды.
Жер бетінде тыныштық болса егер,
Осынау тауға келіп саялайды (1,197).
Аяулым менің, айналаң толы аппақ нұр, аялап сені сақтап тұр.
Осылай, қарғам, түндерге аппақ нұрыңмен аттап кір (1,169).
2. Жарық, жарқыл.
Сергелдең болма, Сен енді мені іздеме,
Іздеме қыста, Іздеме көктем, күзде де,
Шәйі жамылғыш Шәлкездеу желпіп қалғанда,
Лып етіп сөнген Шырақтың нұры – біз деген (2,26).
3. ауыс. Шапағат, шарапат.
Момын өтпес ақыннан қашаннан да,
Өмірге нұр, қаһарын шашар жауға.
Өткен, сірә, ақыннан асау бар ма?!
Жазмыш деген жоқ қой, Жоқ!
Бар болса егер, Тиме дер ем ақынға, асау жанға! (3,32).