НҰСҚА

lat: NUSQA

з а т. 1. Үлгі, өнеге; ақыл, кеңес.

Ақылдының сөзі қысқа, айта қалса үлгі, нұсқаақал). Саған болсын бұл нұсқа, Бұл нұсқаны берік ұста, Алғырдан туған сұңқарым. Түзелмес заман жайланып, Басқа дәурен айналып, Сонда бізге ерерсің, Не қызықты көрерсің. Кешеден бергі қызмет Еткеніңе рақмет. Қайырлы болсын талабың (М.Дулатов, Шығ.).

2. а у ы с. Жол, сызық.

Бұл нұсқаны ойласаң қылып парық, Милының көкейінде көзі жарық. Ақымақтың белгісі адыр мінез, Білімдінің даңқы зор, өзі ғаріп (Ә.Найманбаев, Шығ.). Екеуің жігіңді ашпай берік тұрсаң, Ұялас төменбісің жолбарыстан. Мұншалық тәрбиялы тату туып, Япырмау, мінездерің неге ауысқан? «Тірлік күші бірлікпен болады» деп, Сіздерге бірер ауыз айтқан нұсқам (Ә.Найманбаев, Шығ.). От пен оттың арасында ұсталар, Ұстахана түтін толы ысталар. Арасында тармақ пенен тармақтың Он сызылған, Жүз сызылған нұсқа бар! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). // Ақылды, өнегелі, үлгілі (адам). Көп көрген нұсқа, көп істеген ұстаақал). Айтатын әңгіменің ұстасы бар, Адамның үлгі көрген нұсқасы бар, Елермей, елеуремей иесін біл, О, халқым, осы айтқан сөз тура шығар (К.Әзірбаев, Шығ.).