НҰСҚА

lat: NUSQA

ет. Бір нәрсені қолымен сілтеп көрсету.


Құрым үйдің құбыжық есік-төрі,

Дәрмені жоқ алмапты шешіп мені.

Әжем үйге кіргенде, үнсіз ғана,

Әбжыланды нұсқапты бесіктегі (1,232).


Көрінбейді жүзі оның,

Көрінбейді жанары,

Алайда ал қызыл кебіннен,

Көтерді қолын жоғары

Майысқан жалғыз саусағы,

Әлденені нұсқайды (3,302).