НҰСҚА

lat: NUSQA

(ар. нусха نسخة)   

1. Бір заттың көшірмесі, екінші данасы.

2. Ауысп. Бір істің ж өні, жобасы.

Нұсқасы көрген түстің қиынырақ, Көргенде өзегімді кетті жарып («Бөгенбай батыр». Бабалар сөзі. 58-том. 2010. 100 томдық).

3. Ауысп. Үлгі, негіз.

Қиссаны шығарушы деген құрсам, Кітаптағы нұсқаға мойын бұрсам («Қисса Дандан». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).

Аралап тұзын таттым талай жердің, Кітаптан әуелі оқып нұсқа көрдім («Қисса Мұхаммед Расул Алланың дәрул пәниден дәрул бақиға рихлат еткен мәселесі». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).

Бұ сөзні осылайша қисса қылдым, Мұны да көптің бірі нұсқа қылдым («Қисса Дотан Құбақанбайұғлы». Бабалар сөзі. 52-том. 2008. 100 томдық).

Нұсқа болмай соңғыға, Өткен емес бәрі де («Қамбар батыр». Ақсауыт. І-том. 1977).

Нұсқалау үлгі қылу.

Сөз жазамын нұсқалап, Көп ұзатпай қысқалап («Омар Шораяқов». Бес ғасыр жырлайды. ІІІ том. 1985).

Нұсқалы сөз үлгілі сөз.

Парықсыз, ақпа құлақ ақымақ болмай, Көрінсе нұсқалы сөз, көңіліңе түй «Омар Шораяқов». Бес ғасыр жырлайды. ІІІ том. 1985).