НЫҒАЙТУ

lat: NYǴAITÝ

Нығайт етістігінің қимыл атауы.

Баланың өз мүмкіншіліктері мен күшіне сенуін нығайту семьяға байланысты (Семья тәрбиес.). Исатайдан соң үкіметтің жүргізген саясаты да осы пікірді көпке сіңіріп, нығайтуға себеп болды (Х.Досмұхамедұлы, Таңд.). Оң пиғылдағы оппозиция өзінің тілеулестік келбетін тәуелсіздікті нығайтуда, реформаны тереңдетуде, халықты дағдарыстан тезірек шығаруда үкіметтің өзімен бәсекелесе алатындай нақты істерімен ғана дәлелдей алмақшы (Ә.Кекілбаев Үш белес).