lat: NYǴYZDAÝ
Нығызда етістігінің қимыл атауы.
Қыртысты ойып алу, құм көтеру, шпал бекіту, жолды нығыздау сияқты ауыр жұмысқа шыдай алмағандар бірден сыр береді (С.Хайдаров, Азамат.). Кейбір топырақтар тырмалап қопсытылады, керісінше кейбір жерлерде топырақты нығыздау, таптау керек («Халық мұғ.»). // т е х. Металдарды пластикалық және соққы арқылы өңдеу негізінде дайындамалар мен бұйымдар жасау әдісі. Илемдеу, нығыздау, созу, көлемдік қалыптау, пластикалық өңдеу және шыңдау қысыммен өңдеуге жатады (Қаз. тілі термин. Кен.).