НЫСАНА

lat: NYSANA

з а т. 1. Көздеп ату үшін алынған қарауыл, белгі.

Кезінде оны Шу бойына беттеген, Атты мерген бұлтартпайтын оқпенен. Қырағы көз нысанадан мүлт кетпей, Қорғасын оқ қадалды қос өкпеден (С.Мәуленов, Алыс кет.). Тәуекелдің мініп ұшқыр кемесін, Үміт-садақ, тартып келем жебесіні Кейде оғым нысанаға дөп тисе, Кейде армандар көрсетпес те төбесін (Ә.Есмырзаев, Мұрат).

2. с п о р т. Сопақша тақтайларға жапсырылып, бетіне дөңгелек белгілер салынған қағаз немесе ұшатын табақтар.

3. ә с к. Қарсыластың жойылуға белгіленген объектісі.

Нысана кеңістікте орналасуына қарай жер үстіндегі, әуедегі, теңіздегі нысана, құрамына қарай жекеанк, ұшақ, кеме т.б.) және топтық, мөлшеріне қарай нүктелік, сызықтық, алаңдық; қызметіне қарай активті, пассивті, қозғалыстағы, соның ішінде маневрдегі, қозғалмайтын, пайда болатын, қорғану дәрежесіне қарай ашық жердегі, тасадағы, сауытты болып бөлінедіазі тiлi термин. Әскери.).

4. а у ы с. Алға міндет етіп қойған мақсат.

Медицина денсаулық ғылымы. Оның көздеген нысанасы адамды ажалдан сақтап қалуыл он екі ай). Ол жол ортасында тоқтамайды, азды қанағат етпейді, нысанаға жетіп, ойлағанын орындап тынадыарық жұлдыз.). Үкіметтің (билеуші таптың) зорлық-зомбылығы қара бұқараны көрген күніне наразы қылып, түрлі қимыл туғызады. Адастыратын соқпақтарға түспей, көздеген нысана жеткізетін дұрыс жолмен жүре алса ғана осындай қимыл жемісті бола алады (Х.Досмұхамедұлы, Таңд. Шығ.). Ауыл мәдениетін сөз етуге ниет білдірген автордың идеялық көркемдік нысаны өз міндетін толық атқарған («Егемен Қазақстан».).