lat: NYSHANA
з а т. с ө й л. Нышан (бір нәрсенің белгісі).
Кәрі көз танып отыр. Бұлай деуі жақсылықтың нышанасы (Абзал жандар.). Бұл қауымға жаңа толқынның келіп қосылуы жақсы нышана деп қараған жөн (С.Мәуленов, Үркер.). Секiлдi Шамен, Қамар, Дахтарбану, Затында жанға арам мендей тану. Заты жоқ жақсылықтың нышанасы, Адамға ар – айтқан сөзге жетпей қалу (Ақан серi, Шығ.). Оқыды бір кітапты хан баласы, Кітаптың сурет екен айналасы. Ер Хасен анадайдан көзін салса, Суреттің қыз секілді нышанасы (Ә.Найманбаев, Шығ.).