Намыс қайда

lat: Namys qaıda

Намысын қайрап, ұялту үшін айтылатын сөз .

Ар қайда, намысқайда, елің қайда,

Туған жер, аттандырған белің қайда? (Қ.Ұябаев, От. жыл.).

Ар қайда, ақыл қайда, намысқайда,

Өңкей итке жалындың, табыс қайда?

Ана байға ит кетсе – күнің қараң,

Онда қашып тығылар қамыс қайда? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Бауыр тартқан Жүрек қайда?

Намыс қызған сүйекқайда? (А.Байтұрсынов, Шығ.).