Нан

lat: Nan

Нұрбүбі кішкене дөңгелек стол қойып, ас жаулық жайып, нан, бауырсақ салды (М. Әуезов), Ертедегі халықтардың көпшілігі азық бола алатын ағаш жемістерін немесе жеміс шырынын қорек еткен. Мысалы, гректер бұрынғы кезде қарағайдың жемістерін, солтүстіктегі удмурт және коми елдері жөкенің шырынын, Африка елдері кокос пальмасының жемістерін, сол сияқты басқа да евроналықтар ор түрлі ағаштың шырынды жемістерін тамақ еткен. Қазірдің өзінде абхаз тілінде акакан сөзі «жаңғақ ағашы» мен « нан » деген екі мағынада қолданылса, солтүстіктегі коми тілінде ңінпу, удмурт тілінде ңіңон) нан сөздері «жөке» және «нан» дегенді білдіреді. Сол сияқты парсыша нан, зырянша нан, вотякша нан, остякша нен, армянша нәкан деп қамырдан пісірілетін тағамды атайды. Көптеген тілдерде кездесетін мағынасы бір бұл сөздердің бір түбірден шығуы мүмкін. И. Д. Дмитриевтің айтуынша, түркі тілдеріндегі нан сөзі парсы тілінен ауысқан, ал, бұл сөздің ең түпкі шыққан ұясы грек тілі болуға тиіс, себебі ежелгі гректер бұл сөзбен жеуге жарайтын ағаштың бір түрін атаған көрінеді (И. Д. Дмитриев. К вопросу о происхождении вотянкого «қақ» хлеб. Уч. зап. Инс. этнич. и национ. культур народов Востока. М., 1930, 1, 146-147) (Н. Қ.)