өзін шектен тыс жақсы көру мен өзін-өзі көтермелей бағалауды білдіретін мінез-құлық ерекшелігі. Көп жағдайда мұндай бағалау шындыққа сәйкес келмейді. Термин гректің нарцисс туралы мифінен туындаған. Аңыз бойынша, жас та көркем жігіт судан өзінің бейнесін көріп, Эхо нимфасының сезімін кері қайтарады. Бұған жаза ретінде ол өз бейнесіне ғашық болуға бұйырылып, соңында гүлге айналып кетеді. Гүл де нарцисс деп аталып кетеді.