(лат. nature -табиғат). Философияда - қоғамның дамуын табиғат заңдарымен (климат жағдайларымен, географиялық ортамен адамдардың биологиялық және нәсілдік ерекшеліктерімен және т. б.) түсіндіруге тырысқан кейбір теориялардың методологиялық принципі. Натурализм антропологизмге жақын ол да қоғамдық өмірге тән ерекше заңдылықтарды аша алмайды. Егер 17 және 18 ғасырларда философиялық Натурализм спиритуализмге қарсы күресте оң роль атқарган болса, кейіннен теріс бағығытқа айналды.