Этикада - бұрыңғы көптеген теорияларға және 20 ғасырдағы батыстық этикалық концепцияларға тән моралді негіздеудің методологиялық принипі. Оған сәйкес мраольдық ұғымдар, атап айтқанда жақсылық ұғымды адам тұрмысының қоғамдық заңдарынан емес, әлдеқандай табиғи негізден туындайды. Этикада Натурализмге гедонизм, эвдемонизм, утилитаризм, эволюциялық этика және басқалары жатады. Қазіргі шетелдік этикада мектептердің көпшілігі мораль ұғымын бұрынғысынша табиғи-ғылыми ұғымдардың және антропология мен психологияның деректерінен алуда. Ол мысалы, косомстық телеология, адамгершілік сезім теориясы, ынта этикасы және т.б. жатады. Буржуазиялық мораль теориясында Натурализмді алғаш сыңаған Мур болды. Ол және оны жақтаушылар мораль түсініктерін "табиғи ұғымдардан алуға болмайды деп санады, алайда "табиғи" нәрсені тым кең ауқымда мораль саласындағы нәрсенің бәрін, соның ішінде әлеуметтік құбылыстарды соған теліді. Соның салдарынан мораль мен этика адам мен қоғамдық ғылымдар туралы нақты білімдерден бөліп алынады. Бұл кемшілік қазіргі буржуазиялық этикада пайда болған формалистік бағытқа тән. 40-50 жылдарда Батыста бірқатар зерттеулер пайда болып, олардың авторлары формализммен және неопозитивизммен Натурализм тұрығсынан айтысқа түсті. Этикадағы формализм мен идеализмді бұлайша сынаудың және натуралистер теорияларындағы материализм элементтерінің жалпы прогресті сипаты болды. Оның кемшіліктері - мораль дамуының әлеуметтік тарихи заңдарының антропологиялық психологиялық тұрғыдан принципті айырмашылығы жөніндегі нақты түсініктің жоқтығы. Моральдің ерекше қоғамдық құбылыс екендігін және этикадағы Натурализм сарқыншықтарынан түбірлі бас тартпайынша оның табиғатын түсіну мүмкін еместігін өмірдің өзі көрсетіп беруде.