Натрий нитраты

lat: Natrıı nıtraty

х и м. Натрий селитрасы, табиғатта Чилий селитрасы деген атпен Чили Республикасында кездеседі.

Натрий нитратын металл түріндегі натрийға немесе оның оксидіне, гидроксидіне азот қышқылын қосу арқылы алуға болады (Қаз. тілі термин. Химия). Натрий нитраты тыңайтқыш ретінде, шыны, натрий тұздарын өндіруде тағамдық өнімдерінің консерванты ретінде қолданылады (Қаз. тілі термин. Химия).