Не болады

lat: Ne bolady

сөйл. Енді одан не шығады, ешбір пайда жоқ деген мағынада.

Қайратым мәлім,

Келмейді әлім,

Мақсұт алыс, өмір шақ;

Өткен соң базар,

Қайтқан соң ажар,

Не болады құр қожақ (Абай, Тол. жин.).

Тастамаса мұнысын,

Не боларын кім білсін?! (Ш.Смаханұлы, Тотияйын).

Япырмай, мына байқұсқа не болды, енді мұның өзі не болады дегендей бір нәрсе іштен рахым секілді болып келіп өзіңді қысып, қызартып кетеді (Абай, Тол. жин.).

Единица кеткенде,

Не болады өңкей нөл?

Берекеңді қашырма,

Ел тыныш болса, жақсы сол (Абай, Тол. жин.).