Не деген

lat: Ne degen

Таңғаларлық, керемет, ғажап; өрескел, ерекше.

Ол Абай ағасына сызылып келіп, иіліп сәлем берді. Үстіндегі киімі де әдемі, жарасымды үлбіреп тұр. « Не деген келбетті, сұлу актриса еді!» деп қоямын ішімнен («Жас Алаш»).

Мұғалім оқушының үй жұмысын қып-қызыл ғып түзеп, өзіне қайтып береді де: Түсінбеймін, бір адамнан осыншама қатенің шығуы недеген масқара? деп бұрқылдайды. Сөйтсе, бала: Қайдағы бір адам? Маған әке-шешем көмектесті ғой! депті («Жас Алаш»).