Не түрлі

lat: Ne túrli

Неше, бірнеше. 

Жеңуге, қор қылуға тағы да ұста,

Өзіне күндес шықса жол таласқан.

Ажуаға, қорлауға тілі орамды,

Не түрлі тұзақ құрып көңiлін басқан (Абай, Тол. жин.).

Екінші, мақтаншақ деген біреуді “демесін” демейді, “десін” дейді. Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, әрдайым не түрлі болса да, “десін” деп азаптанып жүріп, “демесінді” ұмытып кетеді (Абай, Тол. жин.).