Негативті диалектика

lat: Negatıvti dıalektıka

(negative dialectics). T.Адорно философия әлемнің ақиқатын жүйелі түрде анықтап беретін әмбебап тұжырымдаманы табуға болады деген бағытты ұстанып кетті деп есептейді. Осылайша заттар әлемінде өзіне тән қалыпта тұжырымдық мәнге байланбай-ақ, дөңгеленіп тұрған тіршіліктің шартты, материалды, дифференциацияланған қыры құрбандыққа шалынды. Олардың тіршілігі даралық ретінде тұжырымға сыймайды, түсіндірілмейді. Aдорно философия заттардың шартты, негізсіз әрі күрделі материалдық шындығын қандай да бір тұжырымдамалық түйінге, ортақ заңдылыққа, жалпылама сипатқа немесе даралыққа тіремей қарастыруға ден қоюы тиіс деп санады.