lat: Nege [nelikten, neden] ekenin kim bilsin [túsinbeımin, bilmeımin]
а) Түсініксіз, белгісіз деген мағынадағы баяншының көңіл-күйінен хабар беретін қыстырма сөз қолданыс.
Осы жерге түсінбей, Ойға шомды шал қайғы. Неге екенін кім білсін? Кітап ашты, бал жайды (Ө. Тұрманжанов, Қарлығаш).
ә) Себебі белгісіз.
Неліктен екеніне осы күнге дейін өзім де түсінбеймін (З. Шашкин, Өмір.).
Неден екенін білмеймін, көк құсым бір түнде ауырып шықты (Ш. Айманов, Қыран.).
Неге екенін түсінбеймін, сендерден хат жоқ. Сенің үйіңнің адресіне де жаздым, білмеймін алдың ба, жоқ па? Алматылықтар қалай жүріп жатыр (Б.Бұлқышев, Адамзатқа хат).