Неге [неліктен, неден] екенін кім білсін [түсінбеймін, білмеймін]

lat: Nege [nelikten, neden] ekenin kim bilsin [túsinbeımin, bilmeımin]

а) Түсініксіз, белгісіз деген мағынадағы баяншының көңіл-күйінен хабар беретін қыстырма сөз қолданыс. Осы жерге түсінбей, Ойға шомды шал қайғы. Н е г е е к е н і н кім біл с і н? Кітап ашты, бал жайды (Ө. Тұрманжанов, Қарлығаш). ә) Себебі белгісіз. Н е л і к т е н е к е н і н е осы күнге дейін өзім де т ү с і н бе й м і н (З. Шашкин, Өмір.). Не д е н е к е н і н б і л м е й м і н, көк құсым бір түнде ауырып шықты (Ш. Айманов, Қыран.). Н е г е е к е н і н т ү с і н б е й м і н, сендерден хат жоқ. Сенің үйіңнің адресіне де жаздым, білмеймін алдың ба, жоқ па? Алматылықтар қалай жүріп жатыр (Б.Бұлқышев, Адамзатқа хат).