Некен

lat: Neken

Некен - саяқ. Колхозға қараған жылқының ішінде некен-саяқ төбел немесе ақтанау болмаса, мынадай маңғыл қасқа жылқы жоқ болатын (М. Әуезов). Некен өз алдына бөлек қолданылмай, тек қана саяқ деген сөздің алдында тұрып айтылады. Монғол, қалмақ тілдерінде негн, ніген «біреу» дегенді білдіреді. Ал саяқ деген осы сөзбен де, басқа сөздермен де қабаттасып айтыла береді. Мысалы: саяқ ат, саяқ жүрсең таяқ жерсің. Ол «дара, жеке» дегенді білдіретін түркі сөзі болу керек. Сонда мағыналас екі сөз плеоназм тәсілімсн қос сөз құрап тұр. (I. К. және Ж. Б.)