lat: Neken-saıaq
с ы н. 1. Бірен-саран.
Көшесі де таза, жай қыдырып жүрген некен-саяқ балалар болмаса, бостан-босқа ермекпен жүрген ешкім көзге шалынбайды (Ә.Шәріпов, Алыс.).
Елді бастап әкелген
Матай батыр Орда,
Көкен, Ащысу, Доғалаңға.
Әр топта да батыр бар некен-саяқ,
Сүйтсе де батыры көп Жуантаяқ (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Асан анда-санда бір өткен некен-саяқ машинадан басқа көшеде тірі жанның қалмағанын сезгенде барып, үй іргесіндегі басқышқа сылқ етіп отыра кетті (Т.Әбдіков, Ақиқат).
2. Өте сирек, ілуде біреу .
Осы өнер мектебі кедей балалары үшін іздесе табылмайтын орын болса да 32 жылдан бері бұл: мектептен оқып шыққан қазақ жігіттерінен үйренген өнерімен пайдаланып, кәсіпке кіріскен н е к е н-с а я қ , ел ішінде мәшинемен киім тігушілер болмаса, көзге шалынбайды (М.Дулатов, Шығ.).
Оның үстіне, Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі шикізатқа бейімделген-ді. Таза өнім шығаратын кәсіпорындар некен-саяқ еді. Сондықтан отандық іскер қауымға, шағын және орта бизнес өкілдеріне қызметті жаңа тұрпатта бастауға тура келеді (“Жас Алаш”).
3. Сирек, анда-санда кездесетін, мыңнан бір .
Қыз көрдім қыз ішінде некен-саяқ,
Сұлулық берген тәңірім аямай-ақ.
Ақ маңғаз, ақылды ажар, ақ жүзінде,
Ай мен күн шағылысып тұрғандай- ақ (Д.Әбілев, Миллиард.).
4. Бірлі-жарым.
Некен-саяқ жолсыздық болмай тұра ма? (Ж.Аймауытов, Шығ.)