Сөз бен сөзді, сөйлеммен сөйлемді байланыстыратын жалғаулық. Осы хатты алып оқығандарың немесе естігендерің тағы бес адамға хабарлап жеткізіңдер (М. Дүйсенов). Жүгенді қайыстан, былғарыдан тігеді не түйеді, әшекелейді (С. Қасиманов). Оның ұйықтап отырғаны я ойланып отырғаны мәлім емес (М. Әуезов). Бұл жерде ашып сөз сөйлеу яки ойын айту орынсыз болар деп ойлаған Задабек сөз қозғаған жоқ (С. Бегалин).