Сөз бен сөзді, сөйлеммен сөйлемді байланысты- ратын жалғаулық. Осы хатты алып оқығандарың немесе естігендерің тағы бес адамға хабарлап жеткізіңдер (М. Дүйсенов). Жүгенді қайыстан, былғарыдан тігеді не түйеді, әшекелейді (С. Қасиманов). Оның ұйықтап отырғаны я ойланып отырғаны мәлім емес (М. Әуезов). Бұл жерде ашып сөз сөйлеу яки ойын айту орынсыз болар деп ойлаған Задабек сөз қозғаған жоқ (С. Бегалин).