Номинализм

lat: Nomınalızm

(лат. nomen есім, атау) ұғымды тек жекелеген заттардың атауы ғана деп есептейтін орта ғасырлық философиялық бағыт. Орта ғасырлық реализмге қарама-қарсы номиналистер тек өздеріне тән қасиетері бар заттар ғана өмірде бар деп тұжырымдады. Заттар туралы біздің жалпы түсінігіміз олардан тысқары бола алмайды, тіпті заттардың шынайы күйі мен қасиеттерін елестете де алмайды, Номинализм заттардың бастапқы, ал ұғымның соңғылығығын мойындай отырып, материалистік тенденциялармен байланыста болды. Маркстің айтуынша Номинализм орта ғасырлардағы материализмнің алғашқы көрінісінің ролін атқарды. Алайда номиналистердің жалпы түсінік дегеніміз объективті өмірде бар заттардың шын қасиеттерінің ойда бейнеленуі екендігіне және жекелеген заттар заттардан бөлек емес, қайта оны өз бойына жинақтайтындығын өрелері жетпеді. 1114 ғасырлардағы-көрнекті номиналистер Росцелин, Дунс Скотт, Оккам болды. Номинализм идеялары жаңа заманда идеалистік негізде Беркли мен Юм ілімдерінде, қазіргі кезеңдө семантикалық философияда жетілдірілді.