Ноқталы басқа бір өлім

lat: Noqtaly basqa bir ólim

Тағдыр байлауындағы жанға бір қаза, бірақ әзірге тәуекел деген мағынада.

Жалаңаш болып жауға шап, Ажалдан бұрын өлер ме? Ноқталы басқа бір өлім, Өлмей де адам жүре ме (Шортанбай Қанайұлы). Ноқталы басқа бір өлім, Ордаңды талқан қылармын (Махамбет, Өлеңд.). Қайғы емес қаза, Болмаймын наза,Ноқталы басқа бір өлім. Туған жан өлмек, Тағдырға көнбек, Кімді алмайды бұл өлім, Шал болмай-ақ өлейік, Алла ісіне көнейік (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).