lat: Normatıvtik ádis
э к о н. Өзіндік құнды есептеу және оны бақылау үшін қолданылатын өнімді өндіруге, жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге жұмсалған шығынды есептеудің негізгі әдістерінің бірі.
Нормативтік әдіс міндетті шарттары: материалдық және ақша ресурстарының жұмсалу нормаларын жасау мен бекіту, нормативтік калькуляцияларды жасау, нормалардың өзгеруін және олардан нақты шығындардың ауытқуын есептеу (Қаз. тілі термин. Экономика.).