Нормативтік акт

lat: Normatıvtik akt

э к о н. Қоғамдық қатынастың белгілі бір аясын реттеуші құқық нормаларынан тұратын мемлекеттік құжат.

Нормативтік акт заңдарда көрсетілген арнайы тәртіпте даярланады және оны тек мемлекеттің арнайы құзыры бар органдары ғана шығарады (ҚҰЭ). Нормативтік актіге заңдар, президент жарлықтары мен өкімдері, үкімет шешімдері мен өкімдері, министрліктер мен агенттіктердің, салалық комитеттердің нұсқаулары мен ережелері, бұйрықтары, жергілікті мәслихаттар мен әкімдердің өз құзырлары шегінде шығарған шешімдері мен өкімдері жатады (ҚҰЭ).