НОВЕЛЛА

lat: Novela

(итал. novella) көлем жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма, кейде өлеңмен жазылады. Новелланың әңгімеден айырмасы онда әдеттегіден тыс, өзгеше жағдай, ғажайып оқиға баяндалады. Оқиға желісі таң қаларлықтай қызықты етіп өріледі және тосын, күтпеген жерден аяқталады. Батыс әдебиетінде Дж. Бокаччо, П. Мериме, Г. Мопассан, орыс әдебиетінде Гоголь, А. Чехов новеллалары осы жанрдағы үздік туындылар. М. Ю. Лермонтов новелла үлгісінде жазылған «Тамбов қазынашысы» деген поэмасының арқауы атты әскер офицері қаладағы мекеменің қазына сақтайтын қызметшісімен карта ойнап, оның әйелін ұтып алғаны жайлы оқиға. Қазақ әдебиетінде новелла жазу дәстүрі С. Ерубаевтан басталады. Күмісбаев Ө.