Нығыздау, тығыздау 2, сықау, нықтау, нығарлау, нығау, кеп- теу.

lat: Nyǵyzdaý, tyǵyzdaý 2, syqaý, nyqtaý, nyǵarlaý, nyǵaý, kep- teý.

Үйіп-төгіп қысап салу,лық толтыру. Түйелердің ізіндегі сүйретпе- лер жолдың қарын нығыздап-ақ тастаған (Ә. Әлішев). Жүнді тығыздап қаптау үшін қанар аузының төрт бұрышынан жіп байлап, қораның төбе ағашына іледі (М. Ермеков). Сатан шақшаларға насыбайды сықап толтырған соң төбеге тартты (I. Жансүгіров). Салжан есікті нықтап жаба, жаулығын жүре жөндеп, шығып кетті (Т. Нұрмағамбетов). Әкесі қапты толтыра, керекгі дегендерін ныгарлап салым берді (Т. Дәуренбеков). Қапқа және шелекке ныгап толтырып қар алдық (С. Сейфуллин). Ұдайымен екі күн соққан боран даланың қарын айдап әкеліп, орман панасындағы жертөлелерге кептеп тастағаны(С. Шәріпов).