ОЮ-ӨРНЕК, орнамент-

lat: Oıý-órnek, ornament

геометриялық және бейнелеу элементтері жүйелі ырғақпен қайталанатын әрі үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар. Оған кескіндеме, мүсін туындылары, суреттер, кестелер қолданыла береді. О.-ө. көгеріс өрнек, геометриялық өрнек, ұласымды өрнек, зооморфтық өрнек, қиял-ғажайып өрнек деп те аталады. «Мәкен өнерлі, ісмер, кесте мен оюға әсіресе шебер екен. Бұлар ғана емес, Абайдың өзі де оның қағазға сызған үлкен-кішілі о ю, к е с т е нақыстарын, гүлдерін, шеберлеп қиыстырған «қошқар мүйіздерін», «үшкілдерін», «қазтабан», «қарлығаш қанатшасын» қызық көріп, көп үңіліп қарайтын. Әйгерімнің жаздан бергі қалашыларға әдейілеп тапсырып, алғызып жүрген манаттары, мәуітілері, мақпалы мен дүриясы, түстері мен түйін жіптері қазір түгелімен керекке жарап жатыр. Биыл Әйгерім мен Мәкен бір жақсы үлкен тұс киіз оюлап, кестелеуге кіріскен» («Қапада»).