Ойы бұзылды

lat: Oıy [kóńili] buzyldy

Көңілі ауды, есі кетті, мазасынан айырылды.

Дегендей атым маған, бұзылды ойым,

Жүрегім өрекпіді, мұздап бойым.

Жетектеп және қиял жүр-жүрледі,

Болсын деп қан базарда үлкен ойын (Нұрхан Ахметбеков).

Шарайнасын қолға алып,

Сұңқардай көзі сүзіліп.

Жыламай көңілі бұзылып,

Айнаға көзін тұр салып (Батырлар жыры).