ОҢ

lat:

с ы н. 1. Солға қарамаарсы, соған қарсы жақтағы.

Iрімшікті көрінген Тістеп ап ұшады.

Бір ағашқа қонды да, Асықпай жемек болды да,

Мазатсып қарады Оңына солына бай, Тол. жин.).

Арқалық жадағай, жалғыз болған соң, жел терісінен соқса да, оңынан соқса да панасы болмайды (М.Әуезов, Қараш.). Екеуі бірдей қоймаған соң, Ақбілек қозғалып, Бекболаттың оң тізесіне шапанын сүйкей отырды (Ж.Аймауытов, Шығ.).

2. Дұрыс, жөн.

Ақыл жоқ, қайғы жоқ онда, ісі жоқ теріс пе, оң ба?

Тіленіп, телміріп ізденер, Тиын ба яки бір сом ба? бай, Тол. жин.).

Е, Нұрғазы баласы Дәулетхан, келдің бе? деді бурыл мұртын бармағымен бір сипап, келгенің оң болды (Ж.Жұмақанов, Мен жұмысшы.).

3. м а т. Теріс емес, плюс мәнді.

Егер зерттеліп отырған f (x) функцияның туындысы f 1 (x) сыналатын х 0 нүктесінің сол жағындағы х 0 -ге тақау жатқан барлық х-терде оң болса, ал оның оң жағында жатқан барлық х-тер үшін теріс боса, онда f (x) функциясының х 0 нүктесінде максимумы бар болады (О.Жәутіков, Жоғары матемaтика.).