ОҢАЙ

lat: OŃAI

с ы н. 1. Қиын емес, ауырлығы жоқ, жеңіл.

Сондықтан еспелеп қайталақтауды шамалы қолданбаса, маңыздаудың орнына мылжыңдау болып кетуі оңай (А.Байтұрсынов, Шығ.). Әйеліңіз сұлу шығар, Байдың ерке баласы? Қалай оңай құтылмақсыз, Бүлінбей ме ел арасы? (Ж.Аймауытов, Шығ.).

2. Еңбексіз, күш жұмсаусыз.

Қайратың мен Сақтығың Көріне ме маңайда?

Өлше істің ақтығын, Ынсап бар ма оңайда (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).