О

lat: O

з а т. л и н г в. 1. Тілдің кейін жиырылып, еріннің дөңгеленуі арқылы жасалатын еріндік, ашық, жуан дауысты дыбыс; фонема.О фонемасы еріннің дөңгеленуі арқылы айтылатындықтан, оны ерін дауыстысы деймізазіргі Қаз. тілі).

2. Осы ашық дауысты дыбысты таңбалайтын әріп.

О әрпі қазақтың көп буынды сөздерінің алғашқы буынында және бір буынды сөздерде ғана жазылады: орамал, отын, торы, долана, ол, от, оқ, он т.б. (Р.Сыздықова, Қаз. орфографиясы.). Орыс тілінен енген сөздердің соңғы буындарында о әрпі жазыла береді: кино, домино, революция, паспорт, ассонанс (Р.Сыздықова, Қаз. орфографиясы.).