О

lat: O

о д. 1. Адамның алуан түрлі сезімімен байланысты айтылатын одағай сөз.

О, мерейлерің үстем болсын, халайық! деді ортадағы топтың алдында келе жатқан дембелше бойлы қара жігіт (Ә.Әбішев, Замана.). Көз бұлдырап, елжіреп барады ішім, О, туған жер, сен күнсің балаң үшін. Қалтама сол шөңгеңді салып алдым, Бала күнді еске алып қарау үшін (С.Мәуленов, Алыс кет.). О, ғажап, біз жол үстінде қайтадан ызғытып келеміз (Т.Ахтанов, Үндістан.). Өмір деген ағыл-тегіл арпалыс, Арпалыстарда жасамаймын жалтарыс. Қалар деме Қай қияда жүрсем де О, туған ел, тағдырыңнан қалтарыс (К.Салықов, Жезкиік).

2. Есіркеп-мүсіркегендікті, жаны ашығандықты, аяушылықты білдіретін одағай сөз. Абай: О-о, сорлы Көкпай, неғып әукең түсіп тұр? (М.Әуезов, Қараш.). О, сорлы Бәтес, енді не бүліншілік күтіп тұр екен алдыңда? (С.Мұқанов, Ботакөз). Сәл алқынын басып: О, сорлы, деді, Кекшағыр халықтың сорына туған қамысты көлдің қабаны (Д.Әбілев, Ақын.).