lat: O /169/
од. 1. Адамның алуан түрлі сезімін білдіретін одағай сөз.
Азамат едің балғадай Балғадай шағың өткен бе?
О, дариға, арман-ай! Ұмыт боп бәрі кеткен бе?! (3,174).
О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!?
Көзімнен ғайып болған күнім едің,
Гүлім едің... Елтіген түнім едің,
О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!? (2,206).
2. Бір нәрсеге таңдалғандықты, таңырқағандықты білдіретін одағай сөз.
Ана екен, Сәбиі бар құшақтаған.
О, сұмдық! Тірі аруаққа ұстапты адам!
Көз алдымда... Жалынып ғазиз Ана
Артындағы жендетке үш аттаған (2,256).
О, ғажап! Өзіңбісің Көкше деген?
! Тастарын жиған жүктей текшелеген.
Бурабай Оқжетпесті өкшелеген,
О, ғажап! Өзіңбісің Көкше деген?! (2,348).
3. Жаны ашығандықты, аяғандықты, есіркеп-мүсіркегендікті білдіретін одағай сөз.
О, бишара, саған қолын созбас еді бұл адам,
Кереметті сезсін, көрсін деп мен едім сынаған,
Мен кінәлі сенің осы азабыңа шыдаған (5,61).