lat: OBAL
[ар. وبال ] з а т. 1. Қоршаған ортаға келтірілген зиян, жанды-жансызға жасалған жамандық, жәбір-жапа қиянат.
Онда жер-жерде Арал теңізінің аянышты тағдыры кеңінен сөз болып жататын. Сол жолы ол менімен қоштасарда тағы да "Ой, обал-ай! Обал-ай") - деп ұзақ күрсінді (“Жас қазақ”).
2. д і н и. Мұсылман дініндегі Алла тағаланың жаратқан жанды-жансыз дүниесіне жасалған қиянатты білдіретін сауап категориясының қарама-қарсы ұғымдар жиынтығы
– Хазірет! – деді ол Әбдірақымға қарап, Шыңғысқа білдірмей көзін қысып қойып, – «екі досты айырған обал, екі жасты қосқан – сaoап» дейсіздер ғой (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). – Қой, құлыным, обал, обал, Молда оқытар, мектепке бар, – Әже- ау, біздің Лұқбек айтад: «Жер – ойнайтын доп, – деп айтаді – Тағы алыста теңіз де бар, Тіпті түбі жоқ!» – деп айтаді «Шөл деген бір жер бар дейді, – Ылғи қызыл шоқ!» – деп айтад (МіЖұмабаев, Шығ.). Оның үстіне мынау алыстан келген асыл малды далада ұстау обал (С.Қалиев, Еңбек.).