lat: OBAL
(ар. обал وبال)
1. Жауыздық, қастық, зияндық.
Бар, Жәбірейіл, Көдегімнің қолын босат, Екі ортада бірдемеге обал қылма («Қисса Көдек баланың хикаяты». Бабалар сөзі. 16-том. 2005. 100 томдық).
2. Күнә, айып.
Не қылса Қадір Мәуле ықтияры, һешкімге обалымды артпан, – дейді («Қисса уақиға Кербала үшбу-дүр». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).
Қанына қапыл қан деген төбеттей обалына қалып нетейін, деді («Қобыланды туралы». Бабалар сөзі. 36-том. 2006. 100 томдық).
Екінші – улар нәрсең – дәл осы мал, Мал үшін дүние, ақырет тартар обал («Дүниенің адамға зияны». М.Жүсіп, ІІ-том, 2003).
Пұрсат күзетеді оның бәрі, Өз обалың өзіңе, менен көрме («Қисса қырық уәзір». Бабалар сөзі. 8-том. 2004. 100 томдық).