ОБАЛ

lat: OBAL

зат. Қатыгездікпен бостан-босқа немесе жазықсызға ағат жасалған жамандық, жәбір, оған жаны ашымастық, қасиетті нәрсені бағаламаушылық сияқты қиянаттарды қамтыған күрделі ұғым. Мысалы, обал болды, обалына қалды, обал қылды, обалы мойныңда, обалы жібермеді, обалы бір құдайға, обалын көтерді, обалы қанша, обалы нешік, обал жоқ, өз обалы өзіне, т.б.