ОБРАЗДЫЛЫҚ

lat: OBRAZDYLYQ

з а т. Бейнелілік, көркемділік.

Мұның сыры көркем шығарманың шыншылдық, образдылық күшінде жатқан сияқты (Р.Бердібаев, Достық.). Ол қазақ тілінің өте бір образдылығы, яғни әрбір зат, әрбір құбылыс, әрбір қимылды өзгелерге теңеп, бейнелеп, суреттеп атауы («Мәдениет және тұрмыс»). Талғамсыз фотографиялық көрсету емес, суреткерге тән образдылықпен жеткізу бар («Қаз. әдеб.»).