адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін немесе шақыруға, айдауға қолданылатын сездер. Мағынасына қарай үш топқа белінеді: 1) көңіл-күй О-ы адамның әр түрлі сезімін білдіреді; 2) императивтік (ишара) О-ы бұйыру, жекіру, тыйым салу, нұсқау мәндес сөздер; 3) тұрмыс-салт О-ы амандасу, қоштасу, жолығысу кезінде айтылатын сездер. «Уәй, Құнан- бай, мені Құдайдың жылатқаны аз ба еді?..» дей бергенде, Майбасар, әулекі жуандар: « Т а р т т і л і ң д і! Қ ы с қ а р т! Ж а п а у з ы ң д ы! » деп арс-арс етеді». «Жиренше тазысымен қонақ үйдің сыртына қарай тақай бергенде, Оспан анадайдан көріп қалып: « А й т а қ, а й т а қ, жеңдер. О й б а й, жеңдер әне Жиреншенің тазысын! Жолдаяқ, Бөрібасар, Бөрібасар!» деп Құнанбай үйінің көп сары аласын ұран шақырғандай ғып өре тұрғызған. Жиренше Оспанның бүлдіретінін алыстан біліп: «Өй , Оспан! Айналайын! Қалқатайым... қой! Қоя ғой!» деп сонша тоқтатпақ болып еді» («Қайтқанда»).