ОДАҒАЙ

lat: ODAǴAI

з а т. г р а м м. Кісінің көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөз табы.

Одағай дегеніміз кісінің сезімін, көңіл күйін білдіретін, дербес грамматикалық тұлғалары жоқ сөз табы (Қазіргі Қаз. тілі). Көмекші сөздер тобына жататын шылау, одағайлардың тілімізде алатын орны, атқаратын қызметтері елеулі («Қазақст. мект.»). Ғалия алақанымды бетіне басып тыңдап, ықыласпен қоштап: «қайран дүние-ай» деген одағайларды жиілетіп барады (Ж.Молдағалиев, Тыңда.).