одағайланып оңаша айтылатын сөздер. Одағай сөздер қазақ тілінде көп. Барша шапшаң болған істі көрсету үшін айтылатын, барша шабыттау үшін айтылатын, барша жекіру, ақыру, тыю, қайыру, тоқтату, басу, жұбату үшін айтылатын, барша қуаныш, реніш, уайым, қайғы, күйінгенде, сүйінгенде, қорыққанда, шошығанда, таңданғанда, тамсанғанда, жан я тəн күйзелген де, қиналғанда, рахаттанғанда айтылатын сөздер һəм шығатын дыбыстар одағай болады.